Назарбаев: Адамдар жемқорлықпен белсенді күресуі керек

/image/2019/10/09/crop-25_64_400x533_nazarbaev.jpg

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен кездесті, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды  Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Назарбаев агенттіктің тиімділігін арттыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық тәжірибені қолданудың маңыздылығын атап өтті.

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйені жетілдіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдадық. Алайда, біз шет елдердің тәжірибесін зерттеуді жалғастырып, қылмыстың бұл түрімен күресудің озық тәжірибелерін енгізуіміз керек», – деді Елбасы.

Сондай-ақ келіссөзде Қазақстанның Тұңғыш Президенті қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне қатысуы қажеттілігіне назар аударды. «Халық сыбайлас жемқорлықпен белсенді түрде күресуі керек. Мұндай заң бұзушылықтар туралы уақтылы хабарлау керек және мемлекет белсенді азаматтарды қолдауы керек», – деді Н.Назарбаев.

Кездесу барысында Алик Шпекбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа орталық мемлекеттік органдармен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп «Адалдық аласы» жобасының жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар