Қазақстан халқы Ассамблеясының РММ «Қоғамдық келісім» тапсырмасы бойынша Жамбыл облысында «Жастардың алтын бесігі» атты «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының кандидаттары мен жеңімпаздары Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округінің жастарымен кездесті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жастар жылы аясында өткен жиынға Жамбыл облыстық мәслихатының үшінші, төртінші және бесінші шақырылымдарының депутаты, Қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдазимов Абетаевич, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық қан орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылының "Айналайын" балалар-жасөспірімдер орталығы "Жастар клубы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Разакова Айгуль Ашимовна қатысып, жастармен жетістікке жетудің жолы жайлы ойларымен бөлісіп, білім бәсекесінде озық болуға шақырды.
Жанына рахат сыйламаған мейрамханадан бас тартып, балаларға арналған тегін мектеп ашқан Разакова Айгуль Ашимовна: - «100 жаңа есім тізіміне кіремін деп ойламадым. Мен тек өзіме бақыт сыйлайтын жұмыспен айналыстым. Және сол еңбегім осындай жеңіске жеткізді. Жас кезімізде 90-жылдары жолдасым екеуміз 3 бөлмелі уйімізден балаларға арналған тегін мектеп аштық. Мектептің шығынын өзім куніне 4-5 шұлық, 1 жемпір тоқып өтедім. Солай мектепте бірнеше үйірмелер аштық. Қазіргі уақытта орталығымыздағы 9-сынып оқушысы би өнерінен «Қазақстан рекордтар» кітабына енді. Менің айтқым келгені Сендердің әрқайсыларың осы «100 есімнің» қатарында болуға лайықтысыңдар. Тек жас кездеріңді бос істермен әурелемей, қазіргі кездің өзінде үлкен жетістікке жете алатындарыңды түсінсеңдер деймін.
Өскелең ұрпақтың санасында әлеуметтік жауапкершілікті, патриотизмді нығайтға бағытталған кездесуден жастардың алған әсері ерекше. № 3 Байзақ колледжінің студенті Мыңжасар Нұрқасым Жамбылұлы кездесуден алған тәлімімен бөлісті: - «Бүгінгі кездесуден колледжіміздің жастары ерекше әсер алды. Жиынға қатысып, тағылымды дүниелер айтып жастарды жігерлендірген қоғам қайраткерлеріне ерекше алғыс айтамыз. Алдағы уақытта осындай кездесулер жиі ұйымдастырылса біз тек қуанамыз!»
Шара нәтижесінде жастар білім-ғылым саласында жетістікке жетіп, өз істерінің шебері атанған кейіпкерлермен ашық әңгімелесе отырып «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының нақты жетістіктерімен танысып, болашаққа бағдар алды.
Пікір қалдыру