Сөзден іске көшетін кез келді

/image/2019/10/10/crop-2_27_427x758_auyl.jpeg

Әулиеатаның әкімдері бүгінде бұқарамен берік байланыс орнатудың шынайы үлгісін көрсетуде. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің өзі тікелей бастап ел арасында жүрсе, аудан әкімдері де игі істің жалғасы ретінде жұртшылықпен жүздесуде. Міне сондай көпке үлгі болар тірліктің бір көрінісін Шу ауданының әкімі Жарылқасын Айтақов көрсетуде, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жалпы Жарылқасын Айтақов шырайлы Шу өңірінен келгелі жұмыс күнін кеңседе емес, ел ішінде өткізуде. Бұл жолы аудан басшысы Жайсан ауылының тұрғындарымен кездесті. Әуелі аудан әкімі жергілікті халыққа кездесудің мақсатын түсіндіріп өткен соң, елді мекенде қандай жұмыстар атқарылғандығы және шағын ауылдағы өзекті мәселелер жөнінде баяндап беруі үшін Алға ауылдық округінің әкімі Б.Есбергеновке сөз кезегін берді. Округ әкімін мұқият тыңдаған соң өзі сөз алды.

-Мен сіздердің ауылдарыңыздағы проблемалармен таныстым. Иә, бірінші кезекте жаңа мектеп құрылысы мәселесін шешу қажет. Қазір біз кездесу өткізіп отырған мектеп ғимаратының тозығы жеткені бірден байқалып тұр. Тар және бейімделмеген. Жаңа мектептің құрылысы келесі жылдың жоспарында бар. Ал, ескі ғимаратты балабақша, бір бөлігін клубқа айналдыруға болады. Бұл мәселелердің барлығы уақыт еншісінде. Жалпы, сіздердің шағын ауылдарыңызға күтім жасалғандығы көрініп тұр. Сіздердің ендігі міндеттеріңіз – ауылды осы қалпында сақтау, ал біздің міндетіміз – орын алған мәселелердің шешімін табуға көмектесу,-деп сөзін аяқтады Жарылқасын Әбдіғапарұлы.

Сонымен қатар, жиын барысында қатысушылар тарапынан көтерілген сұрақтарға аудан әкімі тиісті бөлім және мекеме басшыларымен бірлесе отырып, тұщымды жауаптар берді.

Кеңестік кезеңде болыстың міндеті колхоздағы малды санап, ел ішіндегі дүниені орталық апаратқа жеткізіп отыру болса, ел егемендігін алғалы беру бұқара әкімдермен тікелей сөйлесіп, өтініш-тілектерін жеткізу құқығына ие болды. Президент тілге тиек етіп жүрген жұртшылықпен кері байланыс деген осы. Ең басты міндет – ол тұрғындардың тұрмысын түзеп, әлеуметтің әлеуетін арттыру. Бұл сенім үдесінен Шу ауданының әкімі Жарылқасын Айтақов әзірге шығып жатқандай. Десе де біз аудан басшысынан алдағы уақытта да осындай жанға жылу берерлік жұмыстарды күтеміз.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар