Павлодар облысында тамақтан 7 бала уланды

/image/2019/10/11/crop-4_2_298x293_tamaqtan-ulanu-pavlodar.jpg

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының  баспасөз баяндамасына сүйеніп, Павлодарское ауылындағы мектеп асханасында жеті бала уланып қалғандығы туралы  Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ата-аналардың сөзінде, балалар асханада тамақтанған соң, улану белгілері байқалған. Оқушылар облыстық ауруханаға жеткізілді.

№40 мектептің ата-аналар комитетінің мүшесі Сәуле Шәкібаеваның балалар бәліштен улануы мүмкін деген болжамын айтты. Балаларда улану белгілері түнде байқалғанымен ата-аналары таңертең жедел жәрдем шақырған.

№40 мектеп директорының орынбасары Елена Минаеваның айтуынша, мектеп әкімшілігі жағдайды бақылауға алған. Ата-аналардың шағымы тексеріліп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыдан соң шешім қабылданады.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ана мен баланы қорғау бөлімінің қызметкерлері балалардың жағдайы қанағаттандырарлық екенін жеткізді.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар