Алматыда діни ұйым жасөспірімдерге азғындық жасады деген күдікке ілінді

/image/2019/10/11/crop-43_6_261x348_125913_1400649496.jpg

Алматы полицейлері "Иегово куәгерлері" ұйымының өкілдері жасөспірімдермен интим қатынаста болды деп күдікке ілінген деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Департамент хабарламасында 9 қазанда полиция соттың келісімімен ұйымның ғимаратында тергеу шараларын жүргізгені айтылады. Сондай-ақ тәртіп сақшылары оның ұйым қатысушыларының үйлерінде болған.

Тергеуге тұрғындардың шағымы негіз болған. ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Тергеу күдіктілердің 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге қарсы бірқатар қылмыстық әрекеттер жасау дерегін тексереді.

Күдіктелер туралы мәлімет тергеу жұмыстарына байланысты жарияланбаған.

"Иегова куәгерлері" - Ресей аумағында тыйым салынған ұйым.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар