«Microsoft» компаниясы басшылық қызметінің директоры Сатья Наделла әлемнің ең үлкен компаниясының тағы да жұмыскерлерін қысқартатынын жариялады.
Әлемдегі ең ірі бағдарламалармен қамтамасыз ететін «Microsoft компаниясы шығындарын азайту мақсатында көптеген жұмыс орындарын қысқартуды жоспарлаған»,-деп хабарлайды «Нью-Йорк Таймс» гезеті.
«Бұл жолғы бүкіл компаниялық ықшамдау - өткен жылғы 18000 жұмыс орнын қысқартудың жалғасы »,-дейді аталмыш ақпарат көзі.
Бұл қысқартулар - компанияның аппараттық тобы мен өткен жылы Nokia компаниясынан өткізіп алған смартфон бизнесіне бағытталған көрінеді.
Алайда, әзірге Microsoft компаниясы бұл туралы ешқандай түсініктеме бермеген.
Өткен жылы шілдеде Microsoft басшысы Сатья Наделла тех-индустрия тарихындағы ең ірі қызметтік қысқартудың, яғни 18000 жұмыс орнының ықшамдалатынын айтқан болатын. Бұл бүкіл компания жұмыс күшінің 14 пайызын құрайды екен. Ол кезде ұялы телефондар өндіретін Nokia-ның жоғары басшысы Стивен Элоп және одан басқа үш жоғары басшының жұмыстан кететіндігі айтылған еді.
Талғар Дәлелғазы