Семейдің гарнизондық офицерлер үйінінің музей қорына Ұлы Отан соғысының ардагері Балабек Рақымжановтың жеке заттарын салтанатты түрде табыстау шарасы өтті.
Өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін оятататын шараға мектеп оқушылары қатысты. Балабек Рақымжанов Аягөздің аудандық партиясында қызмет еткен. 1941 жылы арнайы шақырту алып соғысқа аттанады. Ол бірінші украина майданының танк бөлімінде болып, ұлтты азат етуге жолында қызмет еткен.
– Мен әкемді кішкене кезімде ғана көрдім. Түрін еміс-еміс білемін. Өйткені ол 1941 жылдың маусым айында соғысқа аттанып кетті. Ал мен сол жылдың тамыз айының 20-сында дүниеге келдім. Мен оны соңғы рет көргенімде небәрі 3 жаста едім. Анамның айтуынша, әкем Берлинге дейін жетіп, 1945 жылдың ақпан айының 24 күні қайтыс болған. Достары қаралы хабарды жеткізіп хат жолдап, әкемді сол жаққа жерлеген. Анам бұл хабарға сенбей, әрдайым күтумен болды, – деп сағынышпен әкесін еске алды Асия Балабекқызы.
Ардагердің қызы әкесінің бар құжатын, фото суретін, 2 ордені бары туралы анықтаманы, газетке шыққан мақалаларды, жазған хаттарын, сол кісіге тиесілі барлық құнды тарихи құжатты сеніммен музейге табыстады.
– Біз өткенімізді танымай, келешекті болжай алмаймыз. Ал, болған соғыс ол біздің өткен тарихымыз. Сұм соғыс қаншама әкелерді, ағаларды әкетті. Міне, келер ұрпақ осыны білсе екен, мұндай сұмдық енді болмаса екен тілекпен әкем жайлы жинаған деректерді беріп отырмын, – деді А. Балабекқызы.
Семей қаласының ақпараттық орталығы
Пікір қалдыру