Қазақтың бағына біткен Димаш Құдайберген 10 желтоқсан күні АҚШ-та жеке Arnau tour ENVOY концертін береді, Аталмыш концертте әнші қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ән салады.
"Мен Arnau tour ENVOY шоуы арқылы еліміздің мәдениетін бүкіл әлемге көрсете алатыным үшін бақыттымын. Нью-Йорктегі концерттің көрермендері заманауи нақыштағы нағыз қазақ өнерімен таныса алады. Қазіргі уақытта мен және біздің команда осымен жұмыс істеп жатырмыз. Осы жобаға қатысып жатқан әрбір адамның өз ісінің кәсіби маманы екенін айтқым келеді", – деді Д.Құдайберген.
Жаһандық Arnau tour ENVOY концепциясына Димаш Құдайберген 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өнер көрсеткен ARNAU бағдарламасының ең үздік сәттерін қосады. Концерттік шоудың негізгі мотиві – әлем шексіздігі.
АҚШ-тағы Қазақстанның мәдени күндері аясында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 19 мың адам сыятын Barclays Center аренасында Димаштың шоуы өтеді.
Концертке Димаштың командасынан бөлек Нью-Йоркке "Астана балет" театрының ұжымы да барады. Естеріңізге салсақ, 29 қараша күні әнші Санкт-Петербургте концерт береді деп жоспарланған.
Пікір қалдыру