Елбасы Н.Назарбаевтың қазақстандықтардың 30 пайызға жуығын бұқаралық спортқа тарту туралы тапсырмасы бұл саланы дамытуға тың серпіліс сыйлағаны жасырын емес. Бұл тұрғыда Қордай ауданында да нәтижелі жұмыстар атқарылуда.
Жалпы, ауданнан шыққан спорт саңлақтары аз емес. Мысалы, кикбоксингтан әлем чемпионы, спорттың осы түрінен Қазақстан чемпионы, кикбоксингтен спорт шебері, Қордай ауданы Булар батыр ауылында дүниеге келген Рашид Дауров, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстаның еркін күрестен үш дүркін чемпионы, көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы, еркін күрестен спорт шебері, жекпе-жек спорт түрінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қордай ауданы Қордай ауылында туған Төлеген Ақылбеков, Азия ойындарының эстафеталық жүгіруден күміс жүлдегері, Қордай ауылының тумасы Светлана Ивачукова және кәсіпқой бокстан IBА чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Шығыс Азия ойындарының жеңімпазы, Қарулы Күштер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының қола жүлдегері, Қордай ауданы Қордай ауылында дүниеге келген Марат Мәзімбаевтарды жергілікті жұрт мақтанышпен айтады. Өскелең ұрпақ та осындай дарабоздарды үлгі тұтып, шеберліктерін шыңдай түсуде.
«Бітер істің қасына жақсы келер қасына» — демекші, Қордай ауданының осындай қарқынды дами түсуіне жоғары басшылықтың да үлесі бір түйеге жүк артқандай. Айталық, аудан әкімі Байтөле Болатбек Байқонысұлының біліктілігінің арқасында көптеген іргелі жаңа жобалар дүниеге келіп іске асуда.
2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақтың Спорт және туризм академиясының қара шаңырағында айтулы оқу орны мен Республикалық «Спорт жұлдыздары» редакциясы бірігіп, жыл үздіктерін анықтаған болатын. Сол шара барысында еліміз бойынша «Үздік аудан әкімі» жүлдесі Қордай ауданының әкімі Байтөле Болатбек Байқонысұлына берілген еді. Сонымен қатар Жамбыл облысы бойынша «Ең үздік спорт бөлімі» — деген құрметті марапатты Қордай ауданы әкімдігінің Денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, жасөспірімдер арасында самбодан әлем чемпионы, ерсектер арасында күміс жүлдегер Дидар Молдағалиевтің ерен еңбегі еленіп, осындай мақтан болар жетістіктерге жетіп отыр. Бұл еңбектің жемісінің бағалануы деп білеміз. Осындай спорт саласындағы серпінді қозғалыстың байқалуы, табанды жұмыстың нәтижесі екенін баса айтқан жөн. Әр салада өз маманы ғана болып қоймай, инновациялық жаңа ой-идеяларды іске асыруда Қордай өңірі міне, осындай іргелі істермен облыс бойынша қамшы салдырмай алда келеді.
«Асыл тастар асқар тауда туады» — деген қанатты сөз бар. Қойыны құт-берекеге тұнған Қордай жерінде экономикалық өрлеу мен бірге үлкен спорттың да дамып бара жатқанының осылайша куәсі болып отырмыз. «Бүгінгі күн-кешегі күннің көлеңкесі» — деп бабаларымыз тегін айтпаса керек. Бүгінгі күні Қордай өңірінің күннен күнге жасара-жақсара түсуі, кешегі өткен алтын ізді бабаларымыздың қалдырған мұраларын жаңғырта отырып, заман ағымынан қалыспай жанжақты дамуды мақсат етуі екендігі даусыз.
Пікір қалдыру