Ветеринарлық қауіпсіздік - еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің басты бөлігі болып табылатындығы баршаға белгілі. Аса қауіпті жануарлар ауруының жаппай халық арасында таралуына тосқауыл қойылмай, ұлттық қауіпсіздікке қол жеткізе алмайтынымыз анық. Осы орайда жамбылдық мамандар да өз міндеттерін мінсіз атқарып, ел дамуына сүбелі үлестерін қосуда.
Мысалы, өткен жылы облыста аса қауіпті жұқпалы аурулардың 16 ошағы, оның ішінде: 6 құтырық ауруы, 7 қарасан ауруы, 1 сібір жарасы, 1 эпизоотиялық лимфангит, 1 энтеротоксемия аурулары тіркелсе, ағымдағы жылдың 9 айында аса қауіпті жұқпалы аурулардың 12 ошағы тіркелген. Олар: 8 қарасан ауруы, 2 құтырық ауруы, 4 энтеротоксемия ауруы. Барлық ошаққа дер кезінде ветеринариялық іс-шаралар жүргізіліп, ауыл шаруашылығы малдары толық вакцинацияланып, залалсыздандыру жұмыстары уақытылы орындалды. Шектеу немесе карантин іс-шаралары тоқтатылған.
-Әлі де болса аса қаупті аурулармен күресу және алдын алу барысында шындығын айтуымыз керек, кемшіліктер кездесіп жатады. Атап айтатын болсақ, жоспарлы вакцинациялау барысында емделмеген арық, буаз жануарларды кейіннен қайтадан бармай емделмей кетуі мүмкін, ветеринариялық құжаттарды толтырудағы, жануарлардың қозғалысын бақылаудағы, жеке және заңды тұлғалар арасында аса қауіпті жұқпалы аурулар және , ветеринария туралы Заңның 25 бабы бойынша жануарлар иелерінің жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарының жүргізу барысында кемшіліктер кездесуде. Әсіресе малдың қозғалысын қатаң бақылауға алу үшін ішкі істер қызметкерлерімен бірігіп жұмыс істеуіміз қажет. Осы аталған кемшіліктерді жоюға атсалысып, бір жолға қоюымыз керек,-дейді мамандар.
2018 жылы облыс бойынша 9 ошақта сауықтыру іс-шаралары жүргізілсе, биыл облыс бойынша 5 ошақта сауықтыру іс-шаралары жүргізілген. Оның ішінде 1 ошақтағы сауықтыру жұмыстары 2018 жылдан ауысып, 2019 жылы жалғастырылып, шектеулер алынды. 2019 жылдың 4 ошағынан барлығы 5461 бас ұсақ малдардан, 30 бас мүйізді ірі қарадан, 14 бас ет қоректіден 2-4 реттен қан алынып, 18 бас ұсақ мал бруцеллезге оң нәтиже көрсетіп, санитариялық союға жіберілді, 5000 шаршы метр қора-жайлар залалсыздандырылды.
Адамдардың бруцеллезбен ауыруын эпидемиологиялық тұрғыдан талдау барысында 2017 жылы 212 адам, 2018 жылы 200 адам ауырып тіркелсе, 2019 жылдың 9 айында 147 адам ауырып, аурудың жұғуы төмендеуде.
Пікір қалдыру