Елбасы Н.Назарбаевтың бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасы Жуалы ауданында жүйелі жүзеге асуда. Биылғы 7 айда аудан бойынша 219 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 39803 адам қамтылған. Бұл іс-шаралардың басым көпшілігі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің үйлестіруімен, іс-шараларды жүйелі түрде өткізу әдістемесі бойынша жүргізіліп отыр.
Спорттық іс-шаралар ішінен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына орай өткен аудандық спартакиаданы, Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген іс-шараны, Наурыз мерекесіне орай өткен бұқаралық спорттық іс-шараларды атап өтуге болады. Мамыр айында Қазақстан халқының бірлігі күніне, Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне орай бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты, оның ішінде волейболды дамыту мақсатында аудан біріншілігі өткізіліп, барлығы 8 команда қатысты.
Облыс әкімі А.Мырзахметовтың тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысының үлкен футболдан чемпионаты ұйымдастырылып, бүгінгі таңда футболдан Жуалы ауданының құрама командасы чемпионатқа қатысуда. Жамбыл облысы біріншілігінің екінші туры Жуалы ауданы Шақпақ ата ауылдық округінде өткізілді.
Сондай-ақ өңірде мекемелер арасында кіші футболдан апта сайын аудан біріншілігі өткізілуде. Сонымен қатар, ағымдағы жылы ауданда алғаш рет грэпплинг күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатына облыстық іріктеу жарысы өткізіліп, оған 300-ге жуық спортшы қатысты.
2019 жылы Аула ойындары, Алаңдағы тоғызқұмалақ, Қазақстан Барысы, Мектеп лигасы және әр-түрлі сала қызметкерлері арасындағы облыстық спартакиадаларға аудандық, ауылдық іріктеу жарыстары өткізіліп, облыстық жарыстарға қатыстырылды. Бүгінгі таңда Жуалы ауданының спортшылары халықаралық және Қазақстан Республикасының сапында өнер көрсетуде. Олар: бокстан Аманқұл Әбілхан, жастар арасында Көбетай Мақсат, Әбдіқадір Дамир, Дүйсебай Дархан. Кәсіби бокста Рахманқұл Сағадат Америка Құрама Штатының Лос Анджелос қаласында атой салуда. Ұлттық спорт түрлері бойынша көкпардан Қазақстан Республикасының сапында жүрген спортшыларымыз Құлажан Тоғайбаев, «Әулие Ата» құрама командасында өнер корсетіп жүрген Рат Ислам, Рахметулла Самғаттың есімдері елге елеулі. Дзюдодан Әбіхай Абікен де дарабоздар қатарынан көрніпі жүр.
Аудан спортшыларының жеткен жетістіктеріне келер болсақ, «Тараз- Арена» спорт сарайында өткен ҚР таеквондо федерациясының тұңғыш президенті Бексейіт Түлкиевті еске алуға арналған жасөспірімдер мен жастар арасындағы таеквондодан (WTF) ашық республикалық турнирден Должанбек Айбек пен Должанбек Эсмира 1 орынды иеленді.
Дзюдодан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы ҚР чемпионатында Дәулет Шапағат чемпион атанып, ҚР құрама командасына енсе, Рақышев Қазбек 3-орынды иеленді. Гір спортынан облыс чемпионатында Жолдасов Азамат 1-орын, Асылбек Нұрсұлтан мен Ақылбек Бағдат 2-орын иеленді. Дәулет Шапағат пен Рақышев Қазбек жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.
Бокстан ҚР аймақтық чемпионатында Аманқұл Асылхан 3-орын, қыздар арасында ҚР чемпионатында Кудинкина Мария 2-орын иеленді. Галиб Джафаровтың жүлдесі үшін халықаралық турнирде Аманқұл Асылхан 3-орын иеленді. Волейболдан «Мектеп Лигасында» Қ. Сағындықов атындағы орта мектеп оқушылары облыстық іріктеу жарысында 1-орын иеленіп, Алматы қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама ұтып алды. Анжелика Цой жасөспірімдер арасындағы Дубайда қазан айында өтетін Азия біріншілігіне жолдама ұтып алды.
Пікір қалдыру