Білім саласын қолдау – дамудың кепілі

/image/2019/10/21/crop-16_24_490x871_075841114900.jpg

Мемлекет басышсы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласын дамытуға деген ерекше қамқорлығының арқасында білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелер дер кезінде шешімін табуда. Жасалған жағдайлар нәтижесінде Жамбыл облысында өткен оқу жылында көптеген жетістіктерге қол жеткізілді. Жамбылдықтар ағымдағы оқу жылында да ауқымды істі еңсеруге бел буып отыр.

Білім саласына бөлінген көңілдің арқасында облыстағы шалғай орналасқан аудан – Мойынқұмда да бұл істің аяқ алысына қарқын қосылды. Жалпы, 2019-2020 оқу жылында ауданда жаңа аттестаттау жүйесіне сәйкес 80 педагог-зерттеуші, 114 педагог-сарапшы біліктілігін алды. 2019-2020 оқу жылында 4, 9,10 сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшті. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 612 педагог біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Бүгінгі күнде жалпы білім бөліміне қарасты 15 балабақша мен 7 шағын орталықта 1492 бала тәрбиеленуде, ол аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында – 98,3 пайызды , 3-6 жас аралығында – 100 пайызды құрап отыр.

ҰБТ-ға дайындық сапасын жақсарту бағытында 6 рет білім бөлімі тарапынан сынақ тест алынып, 23 іс-шара өткізіліп, оған 580 мұғалім қамтылды. Нәтижесінде аудан бойынша ҰБТ-дегі орташа балл 91,5 пайызды құрады. Ол өткен жылмен салыстырғанда 4,3 баллға жоғары. Аудан мұғалімдері биылғы оқу жылында жақсы бастап отыр. Басты мақсат- оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру. Ал ол үшін ұстаздарға барлық жағдайлар жасалған.

Оқыту жүйесін жаңарту жұмыстары аудандағы білім сапасын да көтерген. Мәселен, жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадаға ауданнан барлығы 19 оқушы 9 пәннен қатысып, оның үшеуі үшінші орынды иеленді. Атап айтқанда, Жамбыл мектеп –гимназиясынан Мұрат Нұрмахан география пәнінен, Мадина Абжанова тарих пәнінен, Абай орта мектебінен Аружан Сыздықова қазақ тілі мен әдебиетінен III орынға ие болды.

Мұғалімдердің де жетістігі мол. Бұл ретте, облыстық, республикалық байқауларға, ғылыми жобаларға, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орынға ие болған ұстаздардың еңбегін мақтанышпен айтуға болады. Олардың қатарында облыстық «Ең үздік мектепалды даярлық педагогы» мектепалды даярлық педагогтарының кәсіби беделін арттыру және жас маманға қолдау көрсету,үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттау барысында Ә.Молдағұлова атындағы негізгі мектебінің педагогы Таңшолпан Әукен, облыстық «Өзін-өзі тану пәнінің үздік мұғалімі» атты байқауында М.Жұмабаев мектеп-лицейінің «өзін-өзі тану» пәні мұғалімі А.Жанатова, аудандық байқаудың жеңімпазы және облыстық «Дарынды балаға – талантты ұстаз» байқауына қатысқан, Жамбыл мектеп гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Балжан Жанғабыл дарды ерекше атап қтуге болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар