Сарапшылар Бүкіләлемдік остеопорозбен күресу күні қарсаңында қазақстандықтардың денсаулығына қатысты мәселелерді талқылады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Алматыда Бүкіләлемдік остеопорозбен күресу күніне орай баспасөз-конференция өтті. Тағамтану мен денсаулық сақтау саласының сарапшылары остеопороз дертінің таралуы көрсеткіштерімен бөлісіп, қазақстандықтардың қазіргі уақытта тамақтануына қатысты пайда болған әдеттер салдарынан туатын денсаулық мәселелерін талқылады.
Остеопороз – сүйек қаңқасының әлсіреуі салдарынан сүйек сынғыштығына әкелетін созылмалы жүйелі ауру. Халықаралық остеопороз қорының мәліметі бойынша әр 3 секунд сайын әлемде остеопороз салдарынан сүйек сынады. Ал 50 жастан кейін әрбір екінші әйел және әрбір бесінші ер адам зардап шегіп, өмірінің соңына дейін сүйек сынуы диагнозымен өмір сүреді. Ең қауіптісі бұл дертжамбас мойынының сынуына әкеледі жәнеадам қазаға ұшырауы мүмкін. Жамбас мойыны сынуының салдарынан болатын өлімнің жалпы әлемдік көрсеткіші (20%) бірқатар елдерде өсіп келеді.
Созылмалы дерттің Қазақстандағы көрсеткіштерімен остеопороз бойынша ҚР дәрігерлер қауымдастығының төрайымы Гүлжан Ғабдуллина бөлісті:
«Үш миллион қазақстандық сүйек тіні әлсіреуінен зардап шегеді.Остеопороз індетінің өсімі 2012 жылдан бері 8 есе өсті. Бұл өсім адамдардың қазіргі заманда тамақтану рационының өзгеруіне байланысты. Кальцийдің тәуліктік қажеттілігі әр түрлі жаста 400 бен 1300 грамм арасында болғанымен, қазақстандықтар арасында құрамында кальций бар, әсіресе сүтті және ашымал сүт өнімдерін пайдаланбау кеңінен таралған.Балалар арасындағы тәуліктік тұтыну үлесі 25-30%-ды құрайды»
Ғалымдар бала кезден басталатын теңдестірілген тамақтану рационының болмауы остеопороз дамуының басты себебі деп атайды. Сарапшылар остеопороздың алдын алу мақсатында балалар мен үлкендерге арналған дұрыс тамақтану бойынша өз кеңестерімен бөлісті.
«Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша әлемдегі өлімнің 60%-ы және дерттердің 80%-ы дұрыс тамақтанбауға байланысты. Кальцийдің алмасуы мен сіңуі ағзаның ақуыз бен А дәруменімен қамтамасыз етілуіне байланысты. Өкінішке орай, біз ҚР тұрғындарының тамақтану әдебінің бұзылуы байқап келеміз. Салдарынан денсаулық нашарлайды. Әрбір адамның рационында макро және микро элементтерге, лакто және бифидобактерияларға толы сүт пен «тірі ашымал сүт» өнімдері болуы тиіс. Сол үшін де біз кальцийдің тәуліктік қажеттілігін толтыру үшін үлкен адамдарға күнделікті 600-800 грамм сүт өнімін тұтынуға кеңес береміз» - деді Қазақ тағамтану академиясы мен Ұлттық салауатты тағамтану орталығының президенті Төрегелді Шарманов.
Баспасөз-конференция қорытындысы бойынша балалар арасында остеопороздың алдын алу шаралары айтылды.
«Остеопороз мәселелесі үлкен қорқынышты туғызады. Қазақстан жасөспірімдерінің 50%-ында сүйек әлсіреуі байқалады. Бұл мәселенің шешілуінің бірден бір жолы дұрыс тамақтану әдеттерінің бала кезден қалыптасуы. Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларындағы білім басқармасының қолдауымен қазан айының басынан Healthy Generation (Дені сау ұрпақ) жобасы жүзеге асырылып келеді. Ай соңына дейін 20 000-нан астам бастауыш мектебінің оқушылары дұрыс және теңдестірілген тамақтану жайында интерактивті дәрістерін өтеді,» - деді Healthy Generation жобасының ынтагері, Қазақстан, Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі Danone компаниясының корпоративтік байланыс жөніндегі директоры Дінмұхамед Айсаутов.
Анықтама: Жыл сайын 20 қазанда Бүкіләлемдік остеопорозбен күресу күні атап өтіледі. Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау ұйымы бұл күнді остеопороз бен сүйек метоболиттік ауруларының алдын алу мен емдеу әдістері жайлы жаһанды түрде ақпарат тарату мақсатында 1997 жылы бекітті.
Healthy Generationжобасы –дұрыс тамақтану мен сүт өнімдерін тұтыну жайында бастауыш сыныпта оқитын балаларға арналған дәрістер. Жобаның мақсаты – оқыту арқылы балалар мен олардың ата-аналары арасында дұрыс тамақтану әдебін қалыптастыру. Жоба 8 қазанда басталып, Қазақстанның үш қаласы Алматы, Нұр-сұлтан, Шымкентте жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама аясында 20 402 бала қамтылды.
Жоба Danone компаниясының «Тағам арқылы неғұрлым көп адамзат баласына денсаулық сыйлау» атты басты қағидасына сай келеді.
Пікір қалдыру