Спорттық лигалар шынайы бәсеке алаңына айналып келеді

/image/2019/10/23/crop-18_112_669x1189_liga.jpg

Өңірдегі дене шынықтыру және спорт саласына айрықша көңіл бөлінгенін жекелеген лигалардаы спорттық жарыстардың жиі өткізілуінен де аңғаруға болады. Әсіресе соңғы жылдары мектеп оқушылары арасындағы облыстық «Мектеп лигасы» мен мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан дәстүрлі түрде өтетін «Түнгі лигаға» қызығушылық өте жоғары, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы жыл басынан облыс бойынша салауатты өмір салтын насихаттау бағытында барлығы 2795 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, аталған іс-шараларға 459,4 мың адам қатысты.

–Оның ішінде соңғы төрт жылда дене шынықтыру және спорт басқармасы мен білім басқармасы бірлесіп өткізіп келе жатқан облыстық «Мектеп Лигасы» спорттық ойындарына 130 мыңнан астам оқушы қатысуы үлкен жетістік саналады. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спорттың танымалдылығын арттыру мақсатында кіші футбол, волейбол, баскетбол сынды спорт түрлерінен өткізілген бұл лига ойындары шын мәнінде мектеп оқушылары арасындағы бәсеке алаңына айналды. Нәтижесінде өңір жастарының 55,9 пайызы дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысуды бастады. «Мектеп лигасының» соңғы 4 жыл бойы ұйымдастырылып келе жатқанын ескерсек осы бәсеке алаңында үздік шығу жолында тер төккен мектеп оқушыларының бүгінде спорттың жекелген түріне мықтап ден қойғанын аңғару қиын емес.

Сонымен қатар, өңірде саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жыл басынан бастап футболдан әуесқойлар арасында облыс чемпионаты және мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан «Түнгі Лига» ойындары өткізіліп келеді. Сәйкесінше бұл сындарға қатысушы командалар саны мен олардың арасындағы бәсекелестіктің артуы әуесқойлар арасындағы спорттың жекелеген түрлерінің танымал болуына септігін тигізіп келеді, –дейді облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының атауы Нұрбол Жүнісбеков.

Спортпен айналысушы тұрғындары санының артуына қолжетімді спорт алаңшалардың көбейуі де өз септігін тигізіп жатқаны даусыз.Бұл орайда спорт алаңшаларын салуға демеушілердің көбейгенін атап өтпеске болмас. Мәселен жыл басынан бері 112 спорт алаңшасы салынса оның 54-і жекелеген азаматтардың қаржысы есебінен пайдалануға берілген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар