Қарағандыда бір жарым жастағы қыз ине терапиясы үшін қолданатын 5 инені жұтып қойған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Ата-анасы еденде шашылып жатқан инелерді көріп, баланың мазасыз күйіне назар аударған. Дәрігерлер шұғыл операция жасап үлгерген. Хирург дәрігерлер нәрестенің асқазанынан 3 және ішектен 2 ине алып шыққан. Операция сәтті жасалып, қазір бала үйіне шығарылды.
Биыл экдоскопист мамандар кәмелетке толмаған балалардың түрлі заттарды жұтуына байланысты 50-ден астам операция жасағандарын мәлімдеді. Оның ішінде тиын, шеге, батарейка, түйреуіштер бар. Биыл дәрігерлер ине жұтқан 14 жастағы қызға және бір жарым жасар сәбиге операция жасаған.
Пікір қалдыру