Димаш Құдайберген 2020 жылы Ресей елінде өтетін жеке туры туралы айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қазақтың мақтанышы өзінің жеке парақшасында жазды.
"Қымбатты достарым! 2020 жылдың ақпан айында Ресейдiң үлкен қалаларында менiң жеке турым өтедi, соның iшiнде 16 ақпан Краснодар қаласында, 20 ақпан Қазан қаласында және 23 ақпан Екатеринбург қаласында концерттерiм өтедi. Мен және менiң командам сiздердi көруге әрқашан қуаныштымыз, билеттер @icetickets сайтында сатылуда тұрғанын хабарлаймыз. Сiздердi асыға күтемiн!" делінген жазбада.
Пікір қалдыру