Игорь Рогов: Қазақстанда қос билік жоқ!

/image/2019/10/24/crop-118_2_404x782_toqaev-pen-nazarbaev-qos-bilik.jpg

Қазақстанның тұңғыш президенті қоры атқарушы директорының орынбасары, Конституциялық кеңестің бұрынғы төрағасы Игорь Рогов қызу талқылаған "кадрлық жарлыққа" қатысты пікір  білдірді.

"Қос билік туралы айтыла бастағанда қоғамның реакциясына күлкім келді. Бұл қандай қос билік болуы мүмкін? Конституцияның 44-бабының 20-тармағында: "Президент Қауіпсіздік кеңесі мен басқа консультациялық-кеңесші органдарды, Қазақстан халқы ассамблеясы және Жоғарғы сот кеңесін құрады" делінген. Яғни, Қауіпсіздік кеңесі – конституциялық орган, бірақ ол консультациялық-кеңесші органдар қатарына кіреді", – деді Конституциялық кеңестің экс-басшысы.

"Барлығынан саяси бюро элементтерін көру кеңестік кезеңнен келе жатқан әдет шығар! Президент – бұл жеке дара орган! Бізде қос билік жоқ! Ал Қауіпсіздік кеңесі қабылдайтын шешімдер – басшылығында Елбасы тұрған алқалы орган қабылдайтын шешімдер" – дей келе, Рогов Еуропа кеңесі Венеция комиссиясының мүшесі, германиялық Рольф Мафаэльдің сөзін мысалға келтірді.

"Ол маған: "Сіздер бұл мәселені өте жақсы шешіпсіздер: тұңғыш президенттің тәжірибесін пайдаланып, тұрақтылық пен демократиялық даму жолын сақтай отырып, әрі қарай дами бересіздер" деді. Бұл шетелдік сарапшылардың берген бағасы. Сондықтан тағы бір мәрте бізде ешқандай да қос билік жоқ деп айтқым келеді", – деп өз сөзін қортындылады И.Рогов.

Еске салсақ, "Қазақстан Республикасы президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жарлыққа қатысты президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли түсіндірме берді.

Берік Уәли: Президенттің құзыреті Конституцияның 40-48 баптарында анық көрсетілген

Берік Уәли: Тағайындауға қатысты барлық шешімдерді президент қабылдайды



Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар