Сайлауға қатысқан кандидаттардың бірі, саясаткер Әміржан Қосанов Ринат Зайытов туралы пікір білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасының дерегін негізге алып.
Әміржан Қосанов сұхбат барысында ешкімнен тапсырма алмағанын айтты. Сондай-ақ Ринат Зайытовқа қатысты пікірін ашық айтты.
"Ринат Зайытовқа ризамын. Оның азаматтық парызына, сол кезде шырылдап жүргеніне ризамын. Басымды иемін. Бәлкім, менің сайлау нәтижесін мойындауым, елді, тыныштықты ойлап, әлі де біздің Қазақстан оппозициясының дәл сондай дүлей күш емес екендігін мойындағаным біраз адамды ренжіткен шығар. Мен сол адамдардың алдында бас иемін. Көзқарасым дұрыс", - деді Әміржан Қосанов.
Сонымен қатар Қосанов парламенттік сайлауға қатысты өз жоспарлары барын, саяси күресті тоқтатпайтынын айтты.
Пікір қалдыру