Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің талаптары кеңінен түсіндірілуде

/image/2019/10/28/crop-45_5_496x881_aak-tusindiru.jpeg

Қазақстан Республикасының Тұңғыш-Президенті –Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен партияның Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII Съезінің басты жаңалығы көп балалы аналарға атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы болғаны белгілі. Тұңғыш Президенттің бұйрығымен қолға алынған жаңа әлеуметтік саясат аясында атаулы әлеуметтік көмек 291 000 қазақстандық отбасыға немесе 1 миллион 446 мың отандасымызға тағайындалды.

Бүгінде ел арасында атаулы әлеуметтік көмек бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар Жамбыл облысында өз деңгейінде қолға алынған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Елбасының бастамасымен көп балалы аналарды қолдау шарасы 32,5 мың жамбылдық отбасыны қамтыды. Сәйкесінше 162,5 мың жамбылдық атаулы әлеуметтік көмек алды. Көмектің бұл түрін алушыларға жыл соңына дейін төлем жасап отыруы үшін қазына қаржысынан 21,2 миллиард теңге қарастырылды. Оның 1,2 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген.

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі көпбалалы аналарды әлеуметтік қолдау болып отыр. Бұл орайда тұрғындар арасында атаулы әлеуметтік көмекпен қамту шараларының жай-жапсары туралы насихаттау жұмыстарын өз деңгейінде жүргізу ісі маңызға ие. Мәселен атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған сәуір айынан бері Тараз қаласы әкімдігі 40-қа жуық кездесу өткізілді. Оның 10-ы облыстық деңгейде ұйымдастырылған. Облыс әкімі бастаған жергілікті билік өкілдері атаулы әлеуметтік көмек мәселесі бойынша тұрғындармен кездесіп, жеке сұрақтарымен қабылдаулар да жасады. Бұл шараларға аталған мәселе бойынша көкейінде жүрген сауалына жауап іздеген 3000-ғы жуық жамбылдық қатысты. Олардың көбінің мәселесі осыдан соң оңтайлы шешілді.

Қазіргі таңда мүдделі мемлекелеттік мекемелердің бастамасымен келер жылы қолданысқа енгізілетін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы бойынша халықты ақпараттандыру жұмыстары қолға алынды. Бұл жұмыстарға жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары тартылып, басылымдардың беттерінде атаулы әлеуметтік көмек алудың шарттары, талап тәртіптері жайындағы ақпараттық хабарламалар жарық көрді. Электрондық ақпарат құралды бейнероликтердің тұрақты көрсетілімін ұйымдастыруда. Сондай-ақ облыс, аудан орталықтарындағы көрнекі жарнама тақтайшалары да халықты ақпараттандыру жұмыстарында қолданылып жатыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар