Шымкенттегі дәмханалардың бірінде атыс болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, бір адам көз жұмып, төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Otyrar сайтының дерегін негізге ала отырып.
Куәгерлер екі адамның оқ атқанын көрген. Кейін олар қаруды оқиға орнына жақын маңға лақтырып кеткен.
Дәмхана аумағын Абай аудандық полиция бөлімінің тергеушілері мен криминалистер қоршап алды. Кафенің қасында Toyota 70 және Lexus RX 350 жол талғамайтын көлігі тұрған. Полиция қызметкерлері көліктің бірінен теңге және доллармен қомақты ақша тапқан.
1 адам атыс болған жерде қаза тапқан. Ал төртеуі №1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Төртеуіне де бірнеше жерден оқ тиген. Ұсталғандар бар.
Пікір қалдыру