Әскери бөлім сарбаздың 8 қызметтесін атып тастау себебін түсіндірді

/image/2019/10/30/crop-6_2_296x449_atyp.jpg

Ресейдің Қорғаныс министрлігінің комиссиясы Байкал өлкесінде сарбаздың әскери бөлімде сегіз адамды атып өлтіруіне қатысты мәлімдеме жасады. Ведомство мәліметінше, әскери бөлімде зорлық-зомбылық болмаған – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, Газета.ru  -ға сілтеме жасап.

Комиссия өкілдері 20 жастағы сарбаздың мұндай ауыр қылмысқа баруына офицермен өзара дауласуы себеп болуы мүмкін екенін айтады.

"Сарбаз қызмет еткен әскери бөлім әскери прокуратура мен командирлер отыратын бөлімшеден алыс орналасқан. Командирлер әскери бөлімге анда-санда ғана баратын. Қандай да бір ережебұзушылық жасаған командирлер жауапкершілікке тартылады, қызметінен босатылады", - дейді ведомстводағылар.

25 қазанда БАҚ-тар дереккөздерге сілтеме жасай отырып, қызметтестерін өлтірді деген күдіктінің өзі онда қорлық көргенін жазған болатын. "72.ru" басылымы бұрынғы сарбаздың монологын жариялаған еді. Оның айтуынша, өлтірілгендердің бірі - офицер Данил Пьянков әскери бөлімде сарбаздарды қорлап келген.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар