Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

/image/2019/11/05/crop-9_6_411x678_uk.jpg

Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаушылық білдірді – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова Украинаның экономикалық даму, сауда және ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары яғни  Украинаның сауда өкілі Тарас Качка бастаған сауда шаралары бойынша келіссөздер өткізді.

Кездесу барысында вице-министр Украинаның жылжымалы мойынтіректер мен минералды тыңайтқыштар өндіретін қазақстандық кәсіпорындарға қарсы қорғаныс шараларын қабылдауы мүмкін екеніне алаңдаушылық білдірді.

Қазіргі уақытта украиналық тарап жылжымалы подшипниктерге қатысты демпингке қарсы тергеу жүргізіп жатыр және Қазақстаннан шыққан минералды тыңайтқыштарға қатысты арнайы қорғаныс зерттеулерін жүргізуде.

"Қазақстан тарабы Украина билігі жүргізген қорғаныс тергеулеріне алаңдаушылық білдіреді. Украиналық нарық  – бұл мойынтіректер мен минералды тыңайтқыштар өндірушілер үшін дәстүрлі, сондықтан олардың кедергілерді орнатуы – қазақстандық өндірушілердің экономикалық жағдайын айтарлықтай нашарлатуы мүмкін", – деді Жанель Кушукова.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар