Абай ауданында ауқымды істер көп

/image/2019/11/05/crop-159_28_697x929_091725914800.jpg

ШҚО Абай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баспасөз мәслихатын өткізді.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2 144,9 млн. теңгені құрады. Қаңтар-маусым айларында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 20 810,2 млн теңгені құрап, ал ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі 105,9% мөлшерінде қалыптасты.

23 996,7 тонна ет, 30 665,6 тонна сүт, 1 034,4 мың дана жұмыртқа өндірілді. ІҚМ – 68 089 бас, қой мен ешкі – 160 119 бас, жылқы – 40 364 бас. 

Ағымдағы жылдың тоғыз айы ішінде 2 107 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарының көлемі 707 млн теңгеге орындалды.

Бүгінде тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының саны 39, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 31. Аудан бюджетіне 466 735,6 млн. теңге жеке табыс түскен.

Жұмыссыздар саны 249 адамды құрап отыр. Бұл жалпы санның 3,4 пайызы. 110 жаңа жұмыс орны беріліп, 469 адам жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 271 адам жіберілді.

Сондай-ақ Жарқынбек Байсабыров Абайдың 175 жылдығына дайындық барысы туралы айтып берді.

Ақшоқы қыстағында ақынның әкесі Құнанбай Өскенбайұлы мұражайын салуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл жер қазақстандықтар мен шетелдік қонақтардың назарын аудартпақ. Осылайша, туристер ұлы қазақ ойшылының өмірі туралы көбірек білуге ұмтылады.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстанда Абай Құнанбайұлының мерейтойы аясында республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі 330-дан астам іс-шара жоспарланған. Оларды жүзеге асыруға 880 млн теңге қарастырылған.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар