Максим Галкин Беларуссиялық жас генийге Қазақстанның туын сыйлады (видео)

/image/2019/11/09/crop-10_17_493x941_galkin.jpeg

Гродно қаласының тұрғыны 4 жасар  Вадим Денисевич "Лучше всех" шоуының жүргізушісі Максим Галкиннен Қазақстанның туын алды. Балақайдың географиядан білімі көрермендерді тәнті етті. Ол әлемнің әртүрлі елдерінде орналасқан көрнекі жерлерді жатқа айтады.

Шоуға қатысушы Вадим Денисевич 150 елдің туын, көптеген әнұрандар мен мәдени көрікті жерлерді біледі. Оны шоу барысында  дәлелдеді.

Бағдарлама соңында Максим Галкин Вадимді медальмен марапаттап, тәттілер салынған жолдорбаны сыйға тартты.  

Одан өзге 4 жасар бала өз коллекциясын  Қазақстанның жалауымен толтыруды армандап жүрген. Ол арманын Галкин орындап, Қазақстанның жалауын тапсырды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар