Халықаралық террористік ұйымдар жаңа аумақтарды басып алу үшін ТМД кеңістігінде плацдарм құрып жатыр. Бұл туралы Ұлттық лаңкестікке қарсы комитеттің төрағасы және Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортников мәлімдеді – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, спутникке сілтеме жасап.
Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры содырлар Сирия мен Иракта жеңіліске ұшырағаннан кейін жаңа тұрақсыздық аймақтарын құрып жатқанын атап өтті.
"Биыл Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстандағы серіктестерімізбен бірге халықаралық террористік құрылымдардың 13 ұяшығын анықтап, жойдық, 138 содыр ұсталды", – деп Ташкенттегі ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік және арнайы қызметтер органдары басшылары кеңесінің отырысында Бортников айтты.
Пікір қалдыру