Мәнізоровтың ісі туралы Шпекбаев пікір білдірді

/image/2019/11/14/crop-21_11_714x1249_manizorov.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың "тапсырыс және аяқтан шалу" дегеніне қатысты пікір білдірді, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Ешқандай тапсырыс болған жоқ. Тексеру барысында осындай болып шықты. Осымен нүкте. Бізге прокуратура жауап берген соң, біз сіздерге не істейтінімізді айтамыз", – деп Алик Шпекбаев журналистердің сұрағына жауап беруді.

Еске салсақ, Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпарат биыл қыркүйек айының соңында шықан болатын. Ал 27 қыркүйекте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов бұл ақпаратты растады.

Қараша айының басында Бас прокуратура аталмыш қылмыстық істің тоқтатылғанынын айтты.  Ал Мәнізоров жұмысына оралды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар