Қырғыздар тағы да жер сұрап отыр

/uploads/thumbnail/20170708190352427_small.jpg

Кеше Қазақстан мен Қырғызстан арасында өткен екіжақты келіссөздер барысында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Қырғыз премьері Темир Сариев кездесті.  Бұл туралы «Қамшы» порталы «Вечерный Бишкек» басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Кездесу барысында қырғыз тарабы Чүй облысына қарасты халықаралық трасса арқылы басып өтетін мемлекеттік шекараға қатысты жекелеген келіссөздер жүргізуді,   мәселені біржақты етуді ұсынды.

Сариевтың айтуынша, Токмок ауданына тиесілі Бішкек – Тоғауыт тас жолының Ыстық Көлге бастар бөлігі Қазақстан территоиясы арқылы өтеді.Оның жалпы аумағы 800 метрді құрайды.

«Біз Бішкектен Ыстық Көлге бару үшін міндетті түрде Қазақстан территориясын басып өтеміз. Бар болғаны 800 метрден кейін қайта өз шекарамызға кіреміз. Бұл бір соқыр ішек(аппендицит) сияқты. Осыны ескере келе, біз шекара маңындағы аумаққа қатысты екі жаққа да тиімді шешім қабылдауды ұсынамыз. Оның үстіне жақын арада біз одаққа мүше болып қабылданатынымыз бар, ортақ экономикалық одаққа мүше болып қабылданар болсақ, біз аталмыш аумақты өз қаражатымызға ұстайтын боламыз»,-дейді Сарив мырза.

Нұрзат Тоғжан

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар