Мәскеуде тай боксынан үш дүркін әлем чемпионы, Армения азаматы Ашот Болянды белгісіз біреу атып кетті – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, РИА Новости -ге сілтеме жасап.
Қылмыс 13 қараша кешке тұрғын үйдің маңында жасалған. Белгісіз біреу 40 жастағы әлем чемпионына оқ атқан, ауыр жарақаттан спортшы оқиға орнында көз жұмды, – деп мәлімдеді РФ тергеу комитеті.
РФ қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-тармағы (адам өлтіру) және 222-бабы 1-тармағы (Заңсыз қару-жарақ айналымы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Тергеу бірнеше болжамды қарастырып отыр. Соның бірі кәсіпкерлік қызметпен байланысты", – делінген ақпарат агентігінің дерегінде.
Пікір қалдыру