Еңбек ардагерінің құрметіне арналған турнир өтті

/image/2019/11/20/crop-23_258_1411x2509_enhbek-ardagerininh-qurmetine-arnalghan-turnir-otti.jpg

Жуалы ауданындағы Қарабастау ауылында самбо күресінен спорт шебері, ұзақ жылдар бойы ауыл жастары арасында спорттың көптеген түрін насихаттап, үйірмелер аша отырып, аудан, облыс, республика көлемінде чемпиондар дайындап, бүгінде жерлестерінің жүрегінде мәңгілікке сақталған Бекберді Еркебайұлы Қашкеевті еске алып, оның есімінің құрметіне дзюдо күресінен 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында облыстық турнир өткізілді.

Жиынның алғашқы құттықтау сөз аудан әкімі Нарбай Ергебековке берілді. Өз сөзінде Нарбай Әбілқасымұлы ауданның спорт саласындағы жетістіктері мен ауданнан шыққан чемпиондардың есімдерін де атап кетті.

Сонан соң ауылдық Мәдениет үйінде дзюдо күресінен жарыс өтті. Сайысқа Тараз қаласынан, Жамбыл, Сарысу, Байзақ,Талас, Жуалы аудандарының спортшылары қатысты.

Жарыс дзюдоның жеті салмақ түрінен өтті. Турнирге қатысушылар 2003-2004 жылы туылған 46, 50, 55, 60, 66, 73 және 81 килограмм салмақ дәрежедегі 30-ға жуық спортшылар арасында қызықты әрі тартымды ойын болып өтті. Жарыстың төрешілерінің шешімімен жалпы қатысқан ұлдардың жеңісінің қорытындысы бойынша Тараздан келген спортшылары әртүрлі орындардан жеңімпаз атанып, 11 медальды иеленді, Жамбыл ауданы-2, Байзақ-2 медаль, Сарысу-1, Талас-1, Жуалы-3 және Қарабастау ауылының спортшылары 6 медальды жеңіп алды. Қарабастау ауылының намысын қорғағандар қатарында Дәурен Әуелбек, Асқар Нұр, Мейірхан Нұржау, Сәрсембай Бек, Дамир Манатұлы және Арман Әуелбек жоғары деңгейде ойын көрсетті. Жеңімпаздар медаль, диплом және Бекберді Қашкеевтың туысқандарының дайындаған бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Жарыс арасында көрермендердің алдында арнайы Алматыдан келген каратэ, дзюдо, самбо күрестері түрлерінен спортшылар әртүрлі дәрежедегі чемпиондар өнер көрсетті.

Спортшы ерлерден кейін сахна төріне әйелдер шығып, күресті. «Әйелдер күресінде» бірінші орынды Билікөл дәрігерлік амбулаториясының қызметкері Элмира Юсупова жеңіп алса, екінші орынды Қ. Қошмамбетов атындағы орта мектептің мұғалімі Нұрсұлу Саудабаева, ал үшінші орынды Билікөл ауылдық округінің қызметкері Нұрсұлу Мұхамедьярова иеленді. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен Ғабит Миразовтың демеушілігімен ақшалай сый-сияпаттар жасалып, марапатталды.

Турнир соңында Б.Қашкеевтің рухына Құран бағышталып, құдайы тамақ таратылды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар