Алатау ауданындағы аз қамтылған көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету үшін «Бақытты отбасы Алатау» орталығы ашылды. Орталықтың жобалық қуаты – күніне 100 адам. Мұнда аз қамтылған көпбалалы отбасылардың жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, қиын өмірлік жағдайдан шығуларына ықпал ететін «Іскер ана» бағдарламасы қолға алынған. Алатау ауданының 108 көпбалалы аналары «Бастау Бизнес кәсіпкерлік негіздері» курстары аясында «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 505 000 теңге көлемінде (200 ОАК) гранттар алды. Қазіргі кезде ауданның тағы 85 анасы оқуда.
17 көпбалалы аналар өз бизнестерін ашты, «Менің кәсібім» жобасы бойынша 10 көпбалалы ана қажетті тауарлармен, жабдықтармен (тігін машиналары, пештер, тоңазытқыштар, маникюр құралдары, материалдар және басқалары) қамтамасыз етілді, қазір олар өз жобаларын ойдағыдай жүзеге асыруда.
Алатау ауданының тұғындары «Бюджетке қатысу» жобасы аясында құны 1,2 млрд. теңге болатын 32 ұсыныс енгізді, 1 млрд. теңгенің 26 жобасы дауыс беруге жіберілді.
«Open Almaty» сайтындағы ашық дауыс беру нәтижесі бойынша құны 439, 7 млн. теңге болатын 8 жоба жеңімпаз атанды.
«Алматылықтармен мұндай кездесулер бізге қаланы дамытудың маңызды шешімдерін қабылдауға көмектеседі. Жоғарыда аталған жобалар Алатау ауданы тұрғындары өтініштерінің негізінде жүзеге асуда. Бұл қалалықтармен бірлесіп жұмыс жасау керек деген менің сөзімді дәлелдейді», - деп атап өтті қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Пікір қалдыру