Алматы қаласында тәуліктен астам уақыт бойына арасында үзілістермен қар жауып жатыр. 25 қарашаның екінші жартысында қардың жауы тоқтауы мүмкін. Жалпы, қалаға қалыңдығы 8-13 см қар түсті, ал тау етегіндегі аудандарда оның қалыңдығы 18 сантиметрге дейін жетті.
Көктайғақтың алдын алу мақсатында түн мезгілінде көктайғаққа қарсы материалдар себілді, қар жауған кезде төгілгені – 4609 тонна. 417 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 172 құмлақтырғыш бар. 627 жұмысшы қар тазалады.
Таңнан бері 508 техника бірлігі жұмылдырылып, 1788 жол жұмысшысы қар тазалауда. Қаланың жоғары орналасқан аудандарында арнайы техникалар колонналары жолдың қозғалыс бөлігіндегі қарды сыртқа шығаруда.
Таңғы тығыз уақытқа дейін тротуарлар, ортақ пайдаланатын жерлер, жаяу жүргінші аймақтары, өтпелі жолдарға кіретін және шығатын жерлер қардан тазартылды.
Пікір қалдыру