"Халық тағдыры – карта ойыны емес". М.Дулатұлының қанатты сөздері

/image/2019/11/25/crop-89_1_400x533_dulatov.jpg

Бүгін, 25 қараша көрнекті алаш қайраткері, «Алаш» автономиясы мен Алашорда үкіметін құруда көп еңбек сіңірген біртуар тұлға, ақын, жазушы Міржақып Дұлатұлы туған күн. "Оян, қазақ!" деп  ұрандатып, халқының азаттығын аңсаған ақынның туған күніне орай қанатты сөздерге айналған өлең жолдарын ұсынамыз.

– Әркім өз қолынан келгенше жомарт;

– Ел шауып кісі өлтірген боп па батыр;

– Білгенге – қиын емес кету байып;

– Артықтан тағылым ал, кемге – үйрет;

– «Молданың өкшесі қисық деген кісі де күнәлі болады» деп жүрген адамдар да бар;

– Білгенге – ишара, білмеске – қор;

– Қазақта жазылмайтын бір ауру бар – Келмейді мінін айтсаң жаратқысы;

– Ағайын – арзан, пұл – қымбат;

– Айту – бізден, істеу – сізден;

– Өзің білгеніңді халқыңа үйрет;

– Дүниеде кедейлік жоқ өнерпазға;

– Ғылым үйрен – көзің ашылады;

– Халық пайдасын ақылмен істер болар;

– Болғанда бойда қуат жүрген жақсы;

– Аяғың бір күн қылдан кетер тайып;

– Отырма бір орында құр мұңайып;

– Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма?;

– Сот түзелмей – халық түзелмейді;

– Алла жақын кеудеде оты барға;

– Аршын жұтқан кісідей кекірейме;

– Құс – торға, балық – ауға, батыр – жауға;

– Заң әдет-ғұрыпқа қайшы келсе – үлкен аяққа тар етік кигенмен бірдей;

– Не жаман? – Қыздырманың қызыл тілі жаман;

– Майда бол жігіт болсаң тал жібектей;

Жақсы емес қатты болу тікенектей.

Ғылымың болса дағы ұшан-теңіз,

Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей;

– Халық тағдыры – карта ойыны емес;

– Әкеде де әке бар, балада да – бала бар;

– Дос емес дос сыртынан жамандаған;

– Құл десең биді – күледі, Құл десең құлды – өледі;

– Алыс пен жақын ойлы болмас жолдас;

Қас қылған жолдасына жігіт оңбас;

– Бой тежеу, жүрексіну дұрыс емес,

Шашылған ризықты теріп татпай.

Жігіттің несі жігіт босқа жүрген,

Қызметпен пайда беріп, халыққа жақпай?!;

– Қызығы бұл жалғанның – мал менен бас;

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар