Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінің құрметті төрағасы болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты.
"Екінші консультативтік кездесуде делегация басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік жиналысының құрметті төрағасы мәртебесін беру туралы шешім қабылдады", - деп жазды Айдос Үкібай.
Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентке Орталық Азия мемлекет басшыларының екінші консультативтік кездесуіне қатысу үшін келген болатын. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Өзбекстан басшысымен бетпе-бет кездесті.
На второй Консультативной встрече главами делегаций было принято решение о присвоении Нурсултану Назарбаеву статуса Почетного Председателя Консультативной встречи глав государств Центральной Азии pic.twitter.com/qyKgLVPo5M
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) November 29, 2019
Пікір қалдыру