Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Бүгін Қазақстан Президенті Канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді. Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің белгілі саясаткерлерімен кездеседі.
Мемлекет басшысы 6 желтоқсан күні Берлин Еуразиялық Клубының 28-отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Сондай-ақ бірқатар неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді", -деп жазды Берік Уәли.
Пікір қалдыру