Жарма ауданындағы табыс көлемінің 72,4 пайызы өнеркәсіп өндірісіне тиесілі. Бұл туралы ШҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин мәлім етті.
– Өңдеу өнеркәсібі саласында тауар өнімдерінің және көрсетілген қызметтердің көлемі 15,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 642 млн. теңгеге немесе 4,3%-ға өсті, – деді аудан басшысы.
Биыл тау-кен өнеркәсібі саласынан 168,2 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6 есеге көп. Ахметқали Нұрғожиннің айтуынша, ағымдағы жылы ауданда 1 171,4 мың тонна әктас және гипс («Асар Инвест»), 371,4 мың тонна қиыршық және ұсақ тас («АС Инком»), 16,9 мың тонна сазбалшық және каолин («Семей жолдары»), 2 242,1 мың тонна құрамында алтын бар кендер («БГП») өндірілді.
– «Казахцемент» ЖШС-да 150,1 мың тонна клинкер мен 175,8 мың тонна цемент шығарылды. Ал «АС Горняк», «Васильевское» ЖШС-де 335 келі алтын мен 28 келі күміс өндірілді. Сондай-ақ сорғы жабдықтау зауытының жұмысшылары 115 дана тепкіш насостар жасап шығарды, – деді Ахметқали Нұрғожин.
Пікір қалдыру