Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин қоғамда қызу талқыға түскен жайтқа байланысты пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол өзінің Telegram каналына жазды.
"Біз әлі күнге дейін провинциялық ойлауда зардап шегіп келеміз. Бұл біздің ішкі және сыртқы саяси тақырыптарды талқылауымыздан көрініп тұрады. Ұлттық мүдделерімізге, біздің сарапшылар аудиториясына пайдалы немесе керісінше, пайдалы емес деген мәселені көтерудің орнына, көбінесе басқалардың біз туралы не ойлайтынын, қалай қабылдайтынын маңызды деп есептеп, ренжи ме, ренжімей ме деп ойланамыз. Көпшілік өзге елдің сыртқы істер министрлігі демарш дайындап, елшіні шақырғаны туралы ақпаратты оқып дүрлігіп жатыр. Ноталар, демарштар – бұл дипломатиялық тәртіп. Сондай-ақ одан трагедия жасаудың қажеті жоқ. Шын мәнінде, бұл бізді толғандыруы тиіс, біз прагматик болуымыз керек. Бірінші кезекте, өз мүдделерімізді көздеуіміз керек және басқалардың пікіріне еру, барлығын бірдей қуантуға тырысу орынсыз" , - деп жазды Ерлан Қарин.
Пікір қалдыру