Жақын күндері Парижде «Норманд төрттігінің» кездесуі өтетіні белгілі. Оған Германия, Франция, Украина және Ресей басшылары қатысады. Осыған орай Украинаның бұрынғы басшысы Петр Порошенко қазіргі президент Владимир Зеленскийге кеңес берді.
Украинаның экс-президенті барлық келіссөздерді тек қана Минск келісімінің аясында ғана өткізу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, бейбітшілікті қалпына келтіру үшін Донбасс аумағына тек қана БҰҰ-ның бітімгершілік әскері ғана енуі тиіс.
–Абайла, Путинге ешқашан сенуге болмайды. Ол келіссөз барысында әртүрлі айла шарғыға баруы мүмкін. Оның алдында жалпақтап керегі жоқ. Ол КГБ -ның адамы болғандықтан әртүрлі саяси әрекетке барады. Алдаусыратып, арзан газ тасымалы мәселесін де қозғауы мүмкін.
Сондықтан сыр бермеу керек, – деді Украинаның бұрынғы басшысы бүгінгі президент Владимир Зеленскийге.
Ескерте кетейік, «норманд төрттігінің» кездесуі 9 желтоқсан күні Париж қаласында өтеді.
Пікір қалдыру