"Олимп" букмекерлік кеңсесінің қызметі уақытша тоқтады

/image/2019/12/07/crop-37_13_610x813_183835450100.jpg
ҚР ҰҚК-ның Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп, "Олимп" букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуге бастамашы болды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу деректері бойынша, компания Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларын бұза отырып, белгілі бір табыс табумен интернет-ресурс арқылы лицензияланбаған әрекетті жүзеге асырған. Тиісінше, осы салаға салық салынбаған.

Қазақстан шегінен тыс ақшалай қаражатты заңсыз шығару арналары анықталып, оқшауланды. Қаржы қылмыстары саласына жататын өзге де әрекеттер тіркелуде.

2019 жылғы 29 қарашада Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "Олимп" сауда белгісімен «Only bet» ЖШС және «Alpha bet» ЖШС берілген лицензия қолданысын 6 ай мерзіміне тоқтатты.

Қазіргі уақытта «Олимп» букмекерлік кеңсесі заңсыз әрекетінің, сондай-ақ салық заңнамасын бұзудың нақты ауқымын анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар