"Олимп" сот шешіміне шағым түсірмек

/image/2019/12/07/crop-44_0_162x216_images.jpg

Олимп букмекерлік кеңесі лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы сот шешіміне шағым түсірмекші деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы компания өкілдері хабарлады. 

"Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 29 қарашадағы қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Жақын арада «Олимп» БК лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы сот шешіміне шағым түсіреді", - деп жазылған компанияның сайтында. 

Осыған дейін, ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп, "Олимп" букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуге бастамашы болғаны айтылды. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар