Алғабаста тағы бір үй қисайып қалды

/image/2019/12/11/crop-5_10_512x682_db44b6b3ba15f1ea99db10e8cdd48ba8.jpeg

Алматының Зерделі-6 ықшамауданындағы тұрғындар №179 көпқабатты үйдің қисайып қалғанын айтып шағымдануда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып.

Тұрғындар Алматы әкімдігіне ұжымдық хат жолдаған. Әзірге оған қандайда бір жауап алмады.

Қисайған 9 қабатты үй Қолжетімді баспана бағдарламасы бойынша 2013 жылы пайдалануға берілген. Онда 72 пәтер бар. 

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгінде үйдің жантаю себебін анықтау үшін тексеріс басталған.

Ескерте кетелік, аталған ықшамауданда осыған ұқсас жағдайлар бұрын да болған-ды. 2016 жылы көпқабатты үй 32 сантиметрге қисайған ы мәлім. 2017 жылы тағы да бір үй жандайды. Қисайған үйлердің іргетасы нығайтылғаннан соң тұрғандар үйлеріне оралған. Ал биылғы қыркүйек айында ықшамаудан тұрғындары №144 үйдің бір жаққа қарай қисайып кеткенін айтып, шағым түсірген болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар