Бауыржан Байбек: Біз партия тарапынан дарынды жастарға болашақта мемлекет өміріне араласуға жол ашамыз

/image/2019/12/12/crop-95_18_783x1044_whatsapp-image-2019-12-12-at-14.29.11.jpeg

Елордада «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының қолдауымен республикалық Jaidarman фестивалі өтті. Елбасы жариялаған Жастар жылының, «Nur Otan» партиясы мен қазақ КВН-нің 20 жылдығына орайластырылған кешке барлығы 10 команда қатысты. Олардың арасында мектеп, колледж командалары, республикалық жоғары лига жеңімпаздары мен ардагер ойыншылардан бөлек, Моңғолия құрамасы да бар.

Тапқыр да талантты жастардың ойынын тамашалау үшін бұл кешке «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен партияның елордадағы филиалының төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов келді.

лгдг

Алдымен жастарды Тәуелсіздік күнімен және қазақ КВН-нің 20 жылдығымен құттықтаған Бауыржан Байбек жетекші партия тарапынан жастардың барлық бастамаларына қолдау күшейетінін ерекше атап өтті.

«Қай кезеңде де жастар – жаңалық атаулының жаршысы, елдің белсенді де креативті бөлігі. Сондықтан да Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы» екенін баса көрсетіп, жастарға ұдайы қамқорлық танытып келеді. Биылғы жылды арнайы – Жастар жылы деп жариялады. Бұл – «Nur Otan» партиясының да басты басымдықтарының бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жыл «Волонтер жылы» деп жариялағанын білесіздер. Еріктілер қызметіне өздеріңіздей жастардың қатысу аясын кеңейтуге партияның «Jas Otan» жастар қанаты белсенді атсалысатын болады.

гпд

«Nur Otan» партиясы – қоғамдық ұйым ғана емес, саяси күш. Сондықтан «Nur Otan» партиясының басты мақсаты – азаматтарға әлеуметтік лифтілерді беріп, билікке дарынды, білімді және елін сүйетін жандарды көтеру. Елбасы маслихаттардың 20 пайызын жастар құрауы керек деген тапсырма берген болатын. Біз партия тарапынан дарынды жастарға болашақта мемлекет өміріне араласуға жол ашамыз» - деді ол өз сөзінде.

Маусымдық қорытынды кеште сөз алған Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Жастар жылы мәресіне жеткенімен, жастарға көрсетілетін қолдау тоқтамайтынын тілге тиек етті. Ол өз сөзінің дәлелі ретінде күрделі жөндеуден өткеннен кейін, келер жылы елордадағы Жастар сарайы жайдарманшыларға берілетінін айтты. Енді мектеп жасындағы жас жеткіншектерден бастап студент жастарға дейін өз өнерлерін ұштап жүрген Жайдарман ойындары осы ғимаратта өтеді.

дшпгд

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ қазақ тілді жастардың мәселесін ұтымды әзіл арқылы сараптап жеткізетін Жайдарман ойындарына 2014 жылдан бастап қолдау көрсетіп келеді. Осы жылдар аралығында қазақ жастарының сүйікті алаңына айналған қазақтілді КВН халықаралық деңгейге жетіп, қазір мұнда алыс-жақын шетелдердің командалары да табысты өнер көрсетіп жүр.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының қолдауымен, осыған дейін ұлттық спорт саласындағы үздіктерді анықтайтын «Алтын тұғыр – 2019» кеші, сондай-ақ, жыршы-термешілердің «JYR AMANAT» концерт-спектаклі өтті. Бұдан өзге, биыл күзде еліміздің бірқатар өңірінде айтыс фестивалдері ұйымдастырылды. Айтыс өнерінің додасы 16-17 желтоқсанда Орал қаласында өтетін «Алтын домбыра» республикалық фестивалінде мәресіне жетеді. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының жанындағы «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесі мүшелерінің бастамасымен мемлекеттік тілді дамыту тетіктерін пысықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын да айта кеткен жөн.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар