Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтары марапатталды.
Олардың ішінде мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли де бар. Танымал тележурналист, белсенді азамат «Құрмет» орденімен марапатталды.
...Құттықтаймыз!
Пікір қалдыру