Қазақстанда ет пен нан қымбаттауы мүмкін

/image/2019/12/13/crop-5_2_444x592_domashnij-xleb-v-duxovke.jpg

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның көтерілуі мүмкін екенін мәлімдеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Ағымдағы жылдың қараша айында жылдық инфляция біз күткен деңгейден төмен болып, 5,4 пайызды құрады. Ең көп үлесті азық-түлік өнімдері алады, олар бір жыл ішінде 9,7 пайызға өсті. Нан өнімдері мен жарма өнімдерінің бағасының 15,5% -ға, ет және ет өнімдерінің - 13,4% -ға және балық пен теңіз өнімдерінің - 12,2% -ға өсуі ерекше назар аудартады", - деді Ерболат Досаев үкіметтің отырысында. 

Оның айтуынша, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі, негізінен, газ бағасының 4,5 пайызға төмендеуіне байланысты өткен жылғы желтоқсандағы 6,4 пайыздан осы жылдың қарашасында 4,8 пайызға дейін баяулады.

Инфляцияның негізгі қауіптері кірістердің өсуі мен фискалдық ынталандыру жағдайында ішкі сұраныстың кеңеюі болып қала береді.

Қысқа мерзімді перспективада астық дақылдарының, сондай-ақ сүт өнімдерінің бағасы ЕурАзЭҚ аясында жаңа талаптардың енгізілуіне байланысты азық-түліктің жекелеген түрлерінің, атап айтқанда ет пен нанның қымбаттауы мүмкін. Осы жылдың соңына дейін инфляция деңгейі 5,5-5,7 пайыз деңгейінде бағаланады", - деді Ұлттық банк төрағасы. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар