«Олимп» букмекерлік кеңсесіне 145 млрд теңге төлеу міндеттелді

/image/2019/12/18/crop-12_6_289x514_701be27bfa0b72b359a36b05f504e6ba.png

Алматы қаласы прокуратурасының талабы бойынша «Олимп» сауда белгісімен қызметін жүзеге асыратын «Олимп.kz» букмекерлік кеңсесі» ЖШС және «Alpha-bet» ЖШС қызметінде тақырыптық салықтық тексеру тағайындалды, деп жазады almaty.prokuror.gov.kz.

Тексерісті Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті 5 ай бойы жүргізіп, 5 жылдағы ойын бизнесі салығын дұрыс есептеу мәселесін тексерді. Тергеу қорытындысы бойынша «Олимп.kz» ЖШС – 62 млрд теңге, ал «Alpha-bet» ЖШС – 83 млрд теңге төлеу міндеттелді.

Бұрын хабарланғандай, Ұлттық қауіпсіздік органдары прокуратурамен бірлесе отырып, ақша қаражатын Қазақстаннан тыс жерлерге заңсыз шығару арналарын анықтап, бұғаттаған.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар