Мәулен Әшімбаев бұрынғы қызметіне қайта барды

/image/2019/12/18/crop-30_3_297x396_maulen.jpg
ҚР президенті Қ.Тоқаевтың жарлығы бойынша Мәулен Сағатұлы Әшімбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты президент көмекшісі қызметінен босатылды.
 
"Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын", делінген президент жарлығында.

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев 1971 жылы 28 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. Экономист, қоғам қайраткері. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және социология факультетін бітірген. Джонс – Хопкинс университетінінің Халықаралық зерттеулер мектебінде (АҚШ) ғылыми тәжірибеден өткен.

Еңбек жолы 1993 жылы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде басталған. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары, Мәжіліс депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, НұрОтан партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар