А. ЕСІМОВ:Жер заңнамасының талаптарына сай емес баспаналарға ақша төленбейді

/uploads/thumbnail/20170708190630979_small.jpg

Алматы қаласының  әкімі Ахметжан  Есімов сел кезінде су қоймасының алабындағы үйлердің   көбі жер заңнамасының талаптары бойынша салынбаған баспаналар екенін мәлімдеді. Бұл туралы «Қамшы» порталы  TengrinewsTV-ге сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Есімовтің сөзіне сенсек, селдің салдарынан зардап шеккен үйлердің басым бөлігі - жер заңнамасының талаптарын бұзу арқылы бой көтерген баспаналар. Бүгінгі таңда селге байланысты қалада төтенше жағдайдың жарияланғаны белгілі, енді соған байланысты зардап шеккендерге белгілі бір сома төленеді.

"Қорда 679 миллион теңге бар, алайда Мәслихаттың сессиясында оны 2 миллиард теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылданды.Бірақ ол соманың барлығы апаттың салдарынан келген шығынды өтеуге жұмсалады дегенді білдірмейді", - деді Есімов.Әкімнің айтуынша, үй мен көлік мүлік ретінде сақтандырылуы тиіс, сондықтан айтылған сома зардап шеккендерге "үлестіріледі" деп ойлау жаңсақтық екен. Сонда айтулы сома қайда үлестіріледі? Жер телімдері сатылып, оған арнайы құжат берілерде әкімдік аймақтың қауіпті екенін неге ескертпеген? Сонда аталмыш оқиғаға аққан сел де, ағытылып түскен су қоймасы да, оны бақылауға алмаған жауапты адамдар да кінәлі емес қой. Кәнілі жер телімдерін таулы аумақтан алған, үйі тасты селден ағып кеткен халық болғаны ма?

Қатысты Мақалалар