"Мұғалім болмаймын!"

/image/2019/12/20/crop-161_9_523x697_full_size_1525791892-c0c90c0d459e3b8a819e48999e6379ba.jpg

"Мектепке кеттім!" деп анамнан сұранып кеттім. Дереу мектеп директорына жеттім! Ол кісі тапсырма беріп жатып, қару –жарақтың бәрін қолдануыма болатынын ескертті. Содан не керек, автомат асынып, ышқырыма он шақты гранат байлап, әжетхана алдына зеңбірек қойғызып, сосын пулеметті сипап, окопта жатайын. Бір кезде он шақты педофильдер келе жатты. Ойлары-- оқушы қыздарға зорлық жасау ғой, оңбағандардың! Жүгіріп зеңбіректің қасына келдім. Зеңбірекпен атсам ба екен? Қойшы, олар танк емес қой? Ол ойымнан айнып, гранат лақтырғым келді. Қойшы, жарылмай қалып, әшейін басына сарт ете қалса ше? Бір кезде мектеп жанындағы окоптан атып шығып, автоматымды кезеніп:
–Оқушылар қауіпсіздігі үшін алға! Урраааа! –деп атойлап шабуылдай қойып едім, өзге де уралаған дауыстарды естідім. Қарасам, мектеп директорынан бастап, мектептің барлық мұғалімдері шабуылға шыққан екен! Қолдарында сыпырғы, күрек, журнал, глобус, шбабра, шелек... Аңтарылып тұрып қалыппын. Олар мені басып озып, он шақты педофильді қоршауға алды. Бірі бормен атқыласа, екіншісі оқушылардан жинаған тиындармен ұрып жатыр. Зұлымдар да қарап қалмады, шалбарларын шешіп, ұстаздарға ұмтылды. Сол кезде мен:
– Жатыңдар, жатыңдар! –деп айқай салдым. Автоматтан атсам, мұғалімдерге де оқ тиіп кетуі мүмкін ғой? Мұғалімдер тез түсіне қойды. Өздерімен ала шыққан көрпешелерді жая салып, жалп–жалп жата кетісті. Мен дереу педофильдерге оқ жапудырдым. Сөйтіп, оқушылар үшін жау болғандардың бетін қайтардық. Директор арқамнан қағып, алғыс жариялады. Соған мәз болып, ертеңіне дәретхана маңындағы сарай ішінде ұйықтап қалыппын. Біреу түртеді. Қарасам, полиция біткен осында.
– Дәретхананы неге күзетпей ұйықтап қалдың? –деп сұрады бірі.
– Кешегі шабуылдан қатты шаршаппын..
– Қолыңды қайырып, бөлімшеге алып кетеміз!
Олар қолымды қайыра бергенде... Иә, қолымды қайыра бергенде, түсімнен шошып ояндым! Құдай беті құрысын, мұғалім болмаймын! Мұғалімде қай бір бедел қалды әжетхана күзеткеннен кейін? Құрысын, мұғалім болмаймын! Болмаймын дедім ғой!!!

Мұхтар Шерім

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар