Алимент бойынша берешегі барларды 5 тәулікке қамау ұсынылуда

/image/2019/12/23/crop-8_4_592x790_2846538342c49c153f44de934713117d_xl.jpg

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелерге қолданылатын шараларды қатаңдатуды ұсынды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде алимент төлемейтін азаматтарды іздеу полиция бөлімдерінің құзіреттілігінде. Олар алиментшінің тұрғылықты жері бойынша іздейді. 2018 жылы 1864 алиментшіге іздеу салынып, 78-і табылған. Яғни 9 пайызы ғана. Қалғандарын іздеу тоқтатылған.

Марат Қожаевтың сөзінше, алимент ісі азаматтық-құқықтық қатынас негізінде қаралатындықтан, қарыздан жалтарушыларды іздеуде қылмыскерді іздегендегідей тәсілдер қолданылмайды.

"Сәйкесінше қолданыстағы механизм алиментшіні міндетін орындауға мәжбүрлей алмайды. Сондықтан әкімшілік кодекске алиментшіге жауапкершілік жүктейтін, қажетіне қарай қамауға, мәселен 5 күнге қамауға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізу қажет", дейді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.

Осы ретте мәселенің шешімдерінің бірі ретінде Әділет министрлігі Италия тәжірибесін зерделеп жатқанын хабарлады. Оған сай, берешегі бар азаматтың қарызы оның әке-шешесіне міндеттеледі.

Қазақстанда азаматтық құқық бұзушылықтың 35 пайызы алимент ісі бойынша қозғалады. Орта есеппен жылына 200 мың іс қаралады. 13 мың іс проблемалық болып танылған. Ол істер бойынша берешек сомасы 5,7 млрд теңгені құрайды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар