ҰҚҚ Ақтөбе қалалық автобекетін қоршауға алды

/uploads/thumbnail/20170708190650105_small.jpg

Бүгін Ақтөбе қалалық автобекетін қаруланған белгісіз біреулер басып алған. Қазір автобекетті арнайы қызмет мамандары мен ҰҚҚ қызметкерлері толықтай қоршауға алған. Бұл туралы «Қамшы» порталы Timeskz.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Сапар» автобекетін тазалау операциясы бүгін күндізгі сағат 10:00 шамасында аяқталған. Автобекет жанында орналасқан «Шығыс» және «Мерей »сауда үйлері қазір жұмыстарын жалғастыруда.  Автобекетті құқық қорғау қызметкерлері толықтай қоршауға алған. Бекет аумағында көлік жүрістері тоқтатылып, өрт сөндіру және жедел жәрдем қызметкерлері кезекшілік етуде.

Әзірге, «Сапар» автобекетінде жарылыс немесе атыс дыбыстары естілмеген.  Ал Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі «арнайы оқу-жаттығулары жүргізілуде» деген мәлімдеме жасаған.

Қатысты Мақалалар