Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі қаза тапқан Bek Air ұшағының экипаж мүшелерінің аты-жөндерін атады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, экипажда ұшақтың 58 жастағы капитаны Марат Мұратбаев, 1965 жылы туған екінші ұшқыш Мейіржан Молдақұлов, бортсеріктер – М. Валиулина, М. Сахов, Р. Османов болған. Ұшақ капитаны Марат Мұратбаев қаза тапқан.
Бүгін, 27 желтоқсанда таңғы уақытта Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кеткені хабарланған. Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына 2100 рейсімен 07:05-те ұшып, радардан жоғалып кеткен «Bek Air» әуе компаниясының ұшағының бортында 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Соңғы ақпарат бойынша, қаза тапқандар саны 15-ке жеткен. Олардың 14-і апат болған орында қаза тапса, біреуі ауруханада көз жұмған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы ұшақ апатына байланысты 28 желтоқсанды ұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Пікір қалдыру